Жамбылда жоғалып, артынша өлі табылған сарбаздың анасы Президенттен әділдік сұрауда

Жамбылда жоғалып, артынан денесі табылған сарбаздың анасы әділдік іздеп Нұр-Сұлтанға келді. Ұлықбек Бердішевтің анасы «ұлым өз-өзін өлтіруі мүмкін емес» дейді.

Еңіреген ана Президент пен Бас прокуратурадан араша сұрады. Жамбыл облысындағы құзырлы органдардың «балаңыз әскерден қашып кетті» дегені ауыр тиген. Денесі қырғыз елінен табылған ұлын біреулердің өлтіргеніне сенімді.

Жұма, 27 Мамыр 2022, 19:16

Соңғы шығарылымдар