Қазақстандықтардың 75% астамы Конституцияға түзетулер енгізуді қолдайды. Олар 5 маусымда өтетін референдум елге әлеуметтік-экономикалық өзгерістер алып келетініне сенеді. Қоғамдық саясат институты жүргізген зерттеудің нәтижесі осындай. Сауалнамаға еліміздің әр өңірінен 1700-ден астам адам қатысыпты. Тұрғындар, әсіресе, халықтың елді басқару ісіне араласуын, суперпрезиденттік модельден арылуы және Парламенттің рөлін күшейту тұстарын қолдайды. Ал саяси науқанға қазақстандықтардың кемі үштен екісі қатысуға ниетті.
Пятница, 27 мая 2022, 19:17
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.