Қарағандының дәл іргесіндегі Дубовка ауылы қоқыстан көз ашпай отыр. Қыс бойы көпқабатты үйлердің тұрғындары жаққан отынның күл-қоқысы аулада әлі күнге тау болып үйіліп жатыр. Ал үйінділерді тек жылу беру маусымы аяқталған соң шығарамыз деген билік жаз шықса да асығар емес. Салдарынан тұрғындар шіліңгір ыстықта қалдықтардың жағымсыз иісіне тұншығып отыр. Әкімдік тез арада шара қолданбаса, адамдар бүкіл ауыл болып «жұқпалы ауруға шалдығамыз» деп дабыл қағуда.
Понедельник, 30 мая 2022, 19:34
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.