AIBAT қорытынды жаңалықтар | 27.05.2022

Нұр-Сұлтанда екінші топ мүгедектігі бар 16 жастағы қызды зорлаған автобус жүргізушісі қамауға алынбай отыр. Ерекше бойжеткеннің ағасы әрі заңды өкілі осылай деп шағымданып отыр. Жәбірленушілер полиция істі бұрмалауы мүмкін деп қауіптенуде. Ал 55 жастағы жүргузішінің қаланы көрсетемін дегеніне алданған қарындасым қорланғанын түсінбеді де дейді.  Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай біліп көрді.

Жамбылда жоғалып, артынан сүйегі табылған сарбаздың анасы әділдік іздеп, Нұр-Сұлтанға келді. Ұлықбек Бердішевтің анасы, ұлым өз-өзін өлтіруі мүмкін емес» дейді.

Еңіреген ана Президент пен Бас прокуратурадан араша сұрап арызын тапсырды.  Себебі, Жамбыл облысындағы құзырлы органдар «балаңыз әскерден қашып кетті» дегені ауыр тиді, бұл мүмкін емес дейді. Денесі қырғыз елінен табылған ұлын біреулер өлтіргеніне сенімді.

Қазақстанда шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін онлайн беру тоқтатылды. Электронды үкімет порталында енді бұл қызметтүрін уақытша алу мүмкін емес. Оған не себеп болды? Жансая Қапасқызы анықтап көрді

27 Мамыр, 18:30

Соңғы шығарылымдар