AIBAT қорытынды жаңалықтар | 30.05.2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік экс-министрдің 2 ай мерзімге қамауға алынғанын растады. Арыстанбек Мұхамедиұлы «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Алматыдағы атышулы «Алтын Орда» базары заңсыз сатылған. Осылай деген бір топ адвокат видеоүндеу түсіріп, құзырлы органдардан әділдік сұрауда. Сөздерінше, компанияны уақытша басқаруға сенімхат алған Камила Түгелбаева базардың 100 пайыздық үлесін сатып жіберген. Десе де, адвокаттар әлі күнге сату-сатып алу шартын көрмедік, бұл істе бір шикілік бар деп күдіктенеді.

Лифт ішінде зорлық көре жаздаған жас ананың қолындағы сәбиінен бөлек,  аяғы ауыр екен. Бұл қауқарсыз әйелді қылғындырған «қылмыскерді» тоқтатпаса керек. Бүгінде көлеңкесінен шошып қалған келіншек тергеу барысына көңілі толмай отыр. Оның үстіне күдіктінің жақындары телефон соғып, қысым көрсетуде дейді.

Дүйсенбі, 30 Мамыр 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар