Мемлекет қазынасына 2 миллиард теңге залал келтірген топ Қарағандыда ұсталды. Олар адамдарға жалған шот-фактура мен төлем тапсырыстарын дайындап жүрген. Бұл жымысқы әрекеттерін олар 2018 жылдан бері іске асырып келген. Тіпті, 7 жалған компания құрып, заңсыз құжаттар әзірлеген. Көлеңкелі кәсіпкерлердің кеңсесін тінту барысында жалған шот-фактуралар, төлем тапсырыстары және қару-жарақтар әшкереленді. Аталмыш деректерді Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық департаменті анықтады.
Вторник, 31 мая 2022, 19:25
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.