Жалған құжат жасап, заңсыз әрекет еткен қылмыстық топ ұсталды

Мемлекет қазынасына 2 миллиард теңге залал келтірген топ Қарағандыда ұсталды. Олар адамдарға жалған шот-фактура мен төлем тапсырыстарын дайындап жүрген.  Бұл жымысқы әрекеттерін олар 2018 жылдан бері іске асырып келген. Тіпті, 7 жалған компания құрып, заңсыз құжаттар әзірлеген. Көлеңкелі кәсіпкерлердің кеңсесін тінту барысында жалған шот-фактуралар, төлем тапсырыстары және қару-жарақтар әшкереленді. Аталмыш деректерді Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық департаменті анықтады.

Сейсенбі, 31 Мамыр 2022, 19:25

Соңғы шығарылымдар