AIBAT қорытынды жаңалықтар | 31.05.2022

Мемлекет қазынасына 2 миллиард теңге залал келтірген топ Қарағандыда ұсталды. Олар адамдарға жалған шот-фактура мен төлем тапсырыстарын дайындап жүрген.  Бұл жымысқы әрекеттерін олар 2018 жылдан бері іске асырып келген. Тіпті, 7 жалған компания құрып, заңсыз құжаттар әзірлеген. Көлеңкелі кәсіпкерлердің кеңсесін тінту барысында жалған шот-фактуралар, төлем тапсырыстары және қару-жарақтар әшкереленді. Аталмыш деректерді Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық департаменті анықтады.

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова Облыстық мәдениет басқармасының басшысымен бірге құны 145 млн теңге болатын Абай ескерткішін орнату туралы мемлекеттік сатып алу келісімшарты үшін 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген еді. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар параның 70 мәрте еселенген мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 7 жылдан 12 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылады.

Қазақстанда жемқорлардың электронды тізімі пайда болуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Заңға осындай өзгеріс енгізуді ұсынды. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты мұндай шара тоқтата ала ма? Әріптесіміз Айбек Қосан өзгеріс қалай іске асуы мүмкін екенін біліп көрді.

Сейсенбі, 31 Мамыр 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар