AIBAT қорытынды жаңалықтар | 01.06.2022

Балалар күніне орай елорда төрінде «Менің атым Қожаға» ескерткіш қойылды. Тас мүсінді орнатудағы мақсат не? Қазіргі оқушылар Қожаны біле ме? Нұр-Сұлтандағы шараға әріптесіміз Айбек Қосан барып қайтты.

Референдум Президенттік өкілеттікті кеңейтіп, билік құру уақытын ұзарту құралына айналмайды. Ондай мақсат болған да емес. Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда өтетін науқанға қатысты осылай деді. «Референдум елімізде демократияны нығайтуға бағытталған. Халық қоғамдық-саяси өзгерістерді қалағандықтан өтеді. Саяси өзгерістер қамтылғанымен, референдумның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықығы мен бостандығын қорғауды жаңа жолға қою»,- деді мемлекет басшысы.

Балаларды қорғау әлде қорлау жылы ма? Бүгін Президентіміздің «Балалар жылы» деп жариялағанына тура 5 ай. Үкімет осы күнге дейін не атқарды? Қорғансыз балалар мәселесі шешілді ме? Айя Мүтәлі тарқатады.

Сәрсенбі, 01 Маусым 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар