Түркістандағы тұрғын үй кешенінде құрылысшы бесінші қабаттан құлап кетті. Бел омыртқасы сынған жұмысшының жақындары мердігер компания науқастың жағдайын сұрамақ түгілі, жедел-жәрдем де шақырмағанын айтады. 30 жастағы жігіт жарымжан болып қала ма деп алаңдайтын туыстары енді кімнен көмек сұрарын білмей дал. Өңірдегі әріптесіміз Назерке Үкібасова толығырақ тарқатады.
Четверг, 02 июня 2022, 19:25
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.