AIBAT қорытынды жаңалықтар | 02.06.2022

Елімізде өтетін жалпыхалықтық референдумға 3 күн қалды. Бір ай бұрын ғана жарияланған науқаннан кейін елді қандай өзгеріс күтіп тұрғанын көпшілік әлі білмейді дейді депутаттар. Конституцияға нақты қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі? Айя Мүтәлі тарқатады.

Еліміздегі балабақшалардың 80 пайызы талапқа сай емес. Жауапты министрлік осыған дейін бизнес деп жіті тексерілмей, бетімен кеткен балабақшаларды қайта аттестациядан өткізбекші. Ал балабақша басшылары бар кінәні бізге арту дұрыс емес дейді. Бөбекжайлардың сапаға салғырт қарап, бұлай босаңсып кетуіне не себеп? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай біліп көрді.

«Осы уақытқа дейін біз еліктемеген ел, біз көшірмеген білім моделі қалмаған шығар!» Сенат депутаты Мұрат Бахтиярұлы министрі ауысса болды, реформаға ұшырайтын білім саласын сынады. «Балаларға тәжірибе жасауды тоқтатпаса, олардың білім деңгейі де тоқырай бермек»,- деді депутат. Толығырақ әріптесіміз Айбек Қосанның материалында.

Бейсенбі, 02 Маусым 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар