2020 жылы Германияда коронавирус жұқтырып, Қазақстанға жеке ұшақпен қайтқан Нұр-Сұлтан қаласының сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев отставкаға кетті. Жоғарғы сот осы даулы мәселе бойынша тексеріс жүргізді. Әлеуметтік желіде тарап кеткен мына видеодағы ұшақты экс-судья Бәрпібаевтың құдасы жалға алған екен. Олар отбасы мүшелерімен Германияға емделуге барған. Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, төрағаның отставкаға кетуіне ұшаққа қатысты даулы мәселенің түк қатысы жоқ.
Пятница, 03 июня 2022, 19:48
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.