Пандемия кезінде індетті алғашқылардың бірі болып жұқтырған сот төрағасы Бәрпібаев отставкаға кетті

2020 жылы Германияда коронавирус жұқтырып, Қазақстанға жеке ұшақпен қайтқан Нұр-Сұлтан қаласының сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев отставкаға кетті. Жоғарғы сот осы даулы мәселе бойынша тексеріс жүргізді. Әлеуметтік желіде тарап кеткен мына видеодағы ұшақты экс-судья Бәрпібаевтың құдасы жалға алған екен. Олар отбасы мүшелерімен Германияға емделуге барған. Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, төрағаның отставкаға кетуіне ұшаққа қатысты даулы мәселенің түк қатысы жоқ.

Жұма, 03 Маусым 2022, 19:48

Соңғы шығарылымдар