AIBAT қорытынды жаңалықтар | 03.06.2022

Қарағандыда аман-есен босанып, баласын бауырына алған 24 жастағы ана кенеттен көз жұмды. Марқұмның туыстары бұл жағдайға тікелей дәрігерлерді кінәлап отыр. Айтуларынша, келіншекке әу баста перзентханада дұрыс ем-дом жасалмаған. Тіпті жағдайының мүшкіл екеніне қарамастан ауруханадан шығарып жібергенін айтады. Қайғы құшқан отбасымен өңірдегі тілшіміз тілдесіп келді.

Бүгін Украинадағы соғыстың басталғанына 100 күн. Бұл – екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы ең ауқымды қарулы қақтығыс. Он мыңдаған бейбіт тұрғын мен сарбаз мерт болды. Миллиондаған тұрғын елден кетті. Үйлер, мектептер, ауруханалар, қалалар тұтастай жермен жексен болды. Жансая Қапасқызы толығырақ тарқатады.

Екінші республиканың негізін қалаймыз. Бірер сағат бұрын үндеуін жолдаған Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп, халықты саяси науқанға қатысуға шақырды.. Президенттің айтуынша, референдум халықтың мемлекетті басқару ісіне қатысуының бірден-бір мүмкіндігі. Адам құқықтары мен бостандығын қорғаудың жолы. Президент халықты жаңа, әділетті Қазақстанның іргетасын бірге қалауға шақырды.

Жұма, 03 Маусым 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар