AIBAT қорытынды жаңалықтар | 06.06.2022

Болжам бойынша референдумға ел халқының 68,06% қатысқан. Заңға сәйкес дауыс бергендер саны 50 пайыздан кем болмауы тиіс. Сонда ғана референдум өтті деп есептеледі. Еліміздің барлық өңіріндегі және шет елдердегі 10 012 учаскеде дауыс санау аяқталды. Комиссия есебінше, дауыс беруге құқылы 11 миллион 734 мың қазақстандықтың 8 миллонға жуығы дауыс берген.

Ұлыбритания Украинаға 80 шақырым қашықтыққа ұшатын ракеталардың алғашқы партиясын жібереді. Бұған дейін Владимир Путин егер батыс елдері мұндай қадамға барса, Украинаға жаңа шабуыл жасалатынын ескерткен еді. Айтқаны сол еді, жексенбіде Киевке 5 рет әуеден соққы жасалды. Жансая Қапасқызы толығырақ тарқатады.

Бейбіт күнде тағы бір сарбаз өз өзіне қол жұмсады. 4 маусым күні Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде борышын өтеп жүрген 19 жастағы Еділ Тешебай, алдын ала болжам бойынша,  белдігіне асылып қайтыс болған. Марқұмды бүгін жақындары мәңгілік сапарға шығарып салды. Алайда, жас жігіттің туыстары оның  өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес деп сенбейді.

Дүйсенбі, 06 Маусым 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар