Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды. Оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де шілдеге дейін қамауда болады.
Мәсімов «Пара алу, билікті және өкілеттікті асыра пайдалану», сондай-ақ «Мемлекетке опасыздық жасау» деген бірнеше бап бойынша тергеліп жатыр.
Қайғылы қаңтар оқиғасына қатысы бар «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің де қамау мерзімі 2 айға ұзартылды. Ол қару, жарылғыш заттарды қолданды, жаппай тәртіпсіздікке қатысты және адамдарды бас бостандығынан айырды деген күдікке ілінді.
Вторник, 07 июня 2022, 19:27
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.