Кәрім Мәсімов пен «Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды. Оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де шілдеге дейін қамауда болады.

Мәсімов «Пара алу, билікті және өкілеттікті асыра пайдалану», сондай-ақ «Мемлекетке опасыздық жасау» деген бірнеше бап бойынша тергеліп жатыр.

Қайғылы қаңтар оқиғасына қатысы бар «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің де қамау мерзімі 2 айға ұзартылды. Ол қару, жарылғыш заттарды қолданды, жаппай тәртіпсіздікке қатысты және адамдарды бас бостандығынан айырды деген күдікке ілінді.

Сейсенбі, 07 Маусым 2022, 19:27

Соңғы шығарылымдар