Суданда тәртіп сақшылары билікке қарсы наразылық білдірген адамды атып өлтірді. Ол — күзден бері әскерилердің қолынан мерт болған жүзінші демонстрант.
Осыдан бір апта бұрын төтенше жағдай режимі тоқтағанда тағы бір шеруші шенділердің оғынан көз жұмған еді. Айта кетсек, қазанда генерал Абдел Фаттах әл-Бұрхан бастаған жасақ сол кездегі үкімет басшысы Абдалла Хамдукты қызметінен тайдырып, билікті басып алды. Бұған наразы халық жаппай шерулерге шығып, әлі күнге дейін қарсылық білдіріп жатыр. Олар бұрынғы премьер-министрді қызметіне қайтаруды талап етуде.
Вторник, 07 июня 2022, 19:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.