Жаңа оқу жылынан бастап 1-сынып оқушылары үш тілді бірден оқымайды. Мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршін әуелі ана тілінде білім алса, орыс және ағылшын тілі пәндері мектеп бағдарламасына кейіннен қосылатын болды. Министрліктің бұл шешімін ата-аналар қалай қабылдап отыр? Ал мектеп директорының неге көңілі толмайды? Айя Мүтәлі тарқатады.
Нұр-Сұлтандағы Ана мен бала орталығында 1 жасар сәбиге ота жасаған дәрігер баланың өңешінде мақтаны ұмытып кетуі мүмкін бе? Себебі, баланың анасы осылай деп шағымданып отыр. Салдарынан бүлдіршіннің миына ауа жетпей, жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған дейді. Бұған қатысты Ана мен бала орталығының өкілдері не дейді? Анасы баланың өңешінде мақтаның қалып қойғанын қайдан біліпті? Аягөз Тұрсынбай анықтауға тырысты.
Орталық референдум комиссияның дерегінше, Конституцияға өзгеріс енгізуге дауыс берген халықтың жалпы саны 7 985 769 адам. Азаматтардың 77,6 пайызы түзетуді қолдаған. Заң бойынша қатысқандардың жартысынан көбі жақтап дауыс берсе, Конституцияға ұсынылған өзгерістер қабылданды деп есептеледі
Вторник, 07 июня 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.