Бүгін бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаттары істі қарап жатқан судья Ибрагим Әлкеновке қарсылық білдіріп, оны ауыстыру туралы сотқа өтініш берді. Бұл жолғы талап-арыз орындалды ма? «Никола Тесла» компаниясымен қандай келісімге қол қойылғанын аударып бермек болған аудармашы маманды Біртановтың қорғаушылары неге жақтырмады? Толығырақ әріптесіміз Айя Мүтәлі тарқатады.
Маңғыстауда «20 миллион теңгенің шетелдік көлігін несиеге алып берсең, қызметің үшін 200 мың теңге беремін, ал қарызды қысқа мерзімде жауып тастаймын» — деп екі жүз адамды сан соқтырған алаяқ әлі бостандықта жүр. Полиция оған іздеу салған. Бірақ нәтиже жоқ. Алданғандар енді елордаға келіп, шенеуніктерден көмек сұрауда. Мәселенің мән-жайын әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай анықтап көрді.
Четверг, 09 июня 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.