Көмір күліне оранған Қарағандының «өкпесі» саналатын ботаника бағы біртіндеп оталып жатыр. Түрлі ағаш тамыр жайған «44 гектар» жер жекенің қолына өтіп кеткен. Саябаққа адам аяғын басқызбау былай тұрсын, жасыл желек жаппай кесіліп, орнына ғимараттар салына бастаған. Ашынған жұрт бейбіт шеруге шығып, жердің мемлекет меншігіне қайтарылуын талап етті.
Жаңадан құрылған облыстарға бюджеттен 12 млрд теңге бөлінеді. Әр өңірге нақты қанша қаражат қажет екені әлі белгісіз. Өткен демалыс күндері Ұлытау, Абай және Жетісу обылыстарының әкімдері тағайындалды. Толығырақ әріптесіміз Айя Мүтәлі тарқатады.
Нұр-Сұлтандағы ерекше балаларға арналған жекеменшік оңалту орталықтарының бірінен шу шықты. Ата-аналар бақылау камерасына түсіп қалған тәрбиешілердің балаларды жұлқылаған сәтін әлеуметтік желіге салып жіберген. Видеодан қала тұрғыны Жаңыл Ағабекова өзінің 3 жасар баласын танып, ұйым үстінен полицияға арызданыпты. Дамуы мен сөйлеуінде кемшілігі бар сәбилерге орталық қызметкерлерінің қатігездік танытқаны рас па? Бұл жөнінде жекеменшік орталық иесі не дейді? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай анықтап көрді.
Понедельник, 13 июня 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.