Қарағанды облысында белгісіз індеттен 100-ге жуық ірі қара қырылып қалды

Қарағанды облысының Шет ауданында белгісіз індеттен 76 бас ірі қара мен бұзау қырылып қалды. Тағы 150 бас мал ауру жұқтырды деген болжам бар. Симптомдары бір-біріне ұқсас, «қарасан» індетіне жақын көрінеді. Қажет сынамалар алынып, сараптамаға жіберілген. Бірер күнде нақты диагноз қойылып, тиісті шаралар қабылданады дейді мамандар. 

Сейсенбі, 14 Маусым 2022, 19:33

Соңғы шығарылымдар