Шымкентте 6 баланың анасы 9-қабаттан секірейін деп тұрған жерінен құтқарылды. Суицидке оқталған оны тұрғындар көріп, полиция шақырған. Күйеуімен ұрысып, үйінен кеткен көпбалалы ана сөзге бірден көне қоймаған. Суицид жасағысы келген келіншекті тәртіп сақшылары әрең аман алып қалғанын айтады. Белгілі болғандай, келіншектің ата-анасы осыдан екі күн бұрын оның жоғалып кеткені жайлы полицияға арыз түсірген. Қазір полиция көпбалалы ананың күйеуінен жауап алуға кірісті.
Вторник, 14 июня 2022, 19:35
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.