Қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс. Бүгін таңертең екі ел шекарашылары арасындағы қарулы қақтығыстан бір тәжік сарбазы мерт болды. Тағы үшеуі жараланған. Оқиға Қырғыз жерінің қоршауындағы Ворух анклавының орталығынан 10 шақырым жердегі Кех шекара бекетінде болған. Қос тарап бірінші оқ атты деп бір-бірін айыптап отыр. Қазір екі ел өкілдері келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл ай басынан бері шекарадағы екінші қарулы қақтығыс.
Вторник, 14 июня 2022, 19:34
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.