Нұр-Сұлтанда 70-тен аса адам жапон мейрамханасында суши жеп уланған

Нұр-Сұлтандағы жапон дәмханасынан суши жеп, уланғандардың саны 74-ке жетті. Шикі балықтан ұшынғандардың ішінде 16 бала бар. Сушиден уланған алпыс адам ауруханаға түскен. Олардың жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалап отыр. Ал дәмхана уақытша жұмысын тоқтатқан. Ғимарат сыртында ілулі тұрған шағын хабарламада 17-ші маусымға дейін тазалық жұмыстары жүргізіледі деп жазылған. Алайда тексеріс нәтижесі бойынша қоғамдық орын енді мүлдем қызмет көрсетпеуі де мүмкін.

Вторник, 14 июня 2022, 19:32

Соңғы шығарылымдар