14 көлік соқтығысқан: Жамбыл облысында ірі жол апаты болды

Жол көлік оқиғасы Күйік асуы маңында болған. Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін таңғы сағат 03.00-де Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолының 544-шақырымында орын алды. Таразға бағыт алған жүк көлік тіркемесі өздігінен өртеніп, жол қозғалысына кедергі келтірген. Содан автокөліктер де тоқтатылады. Артынша басқа жүк көлігі жол жиегінде тоқтап тұрған көліктерді келіп соққан. Соқтығыс салдарынан 10-нан аса көлік зақымданған. Бірнешеуі өртеніп жанып кеткен. 

«Оқиға орнында бір жолаушы көз жұмды, түрлі жарақат алған 9 адам қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның 3-еуі реанимация бөліміне жатқызылды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сәрсенбі, 15 Маусым 2022, 19:33

Соңғы шығарылымдар