AIBAT қорытынды жаңалықтар | 15.06.2022

Президент жанындағы Ұлттық құрылтай ресми құрылып, бүгін Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Президенттің тікелей тапсырмасымен құрылған кеңесші органның құрамында барлық саланың өкілдері бар. Қатарына Мұхтар Шаханов, Тоқтар Әубәкіров, Қайрат Жолдыбай мен Дәулет Тұрлыханов сынды 117 адам кірді. Құрылтайдың тұңғыш отырысы ертең, 16 маусымда Ұлытау облысының орталығы – Жезқазған қаласында өтеді. Жиын барысында жалпыұлттық мәселелер талқыға түседі деп күтілуде.

Бензин мен газ бағасын көтеруге тыйым салған мораторий екі аптадан соң аяқталады. Уақыт таяған сайын көпшіліктің көкейінде баға өсе ме деген сұрақ бар. Энергетика саласы сұйық отын құнын қымбаттатпау үшін шығынға бата отырып, жұмыс істеп жатыр деген қаншалықты рас? Әріптесіміз Айбек Қосан біліп көрді.

Шымкентте қанттың келісі 1000 теңгеге жетті. Осылай деген тұрғындар қант үшін таңсәріден кезекке тұрып жатыр. Бірақ құмшекерге қол жеткізгендері кемде-кем. Өңірдегі тілшіміз Назерке Үкібасова базар аралап, бағаның жайын біліп қайтты.

15 Маусым, 18:30

Барлық шығарылымдар