Түркістанда кәмелет жасына толмаған бойжеткен ана атанды

Түркістан облысында 9-сынып оқушысы сәбилі болды. Кәмелет жасына жетпей босанған бойжеткен балалар үйінде тәрбиеленіп, кейін 75 жастағы әжесінің патронаттық қамқорлығына өткен. Мектеп қабырғасындағы оқушының жүкті екенінен білім ұясының басшылығы бейхабар болдық дейді. Ал шәкірттің өзі айы-күні жақындағанша сабақтан қалмапты. Облыстағы білім бөліміндегілер сәбидің әкесінің кім екенін айтпай отыр. Бірақ мектепке қатысы жоқ дейді. 9-сыныптан кейін мектеппен қоштасқан жас ана қазір Шымкенттегі аналар үйін паналап жүр.

Бейсенбі, 16 Маусым 2022, 19:34

Соңғы шығарылымдар