Ұлттық қордан алынған қаржының 50 пайыздан астамы тиімсіз жұмсалған. 5 миллиардқа жуық ақша түрмедегілерді асырауға және мәдени іс-шара өткізуге кетіпті. Сенатқа келіп есеп берген Үкімет мүшелерін депутат Сергей Карплюк осылай деп сынға алды.
Сенатордың айтуынша, ел экономикасын тіктеуге республикалық бюджеттің қауқары баяғыдан жетпейді. Үкімет соңғы үш жылдан бері қазынаның 40 пайызын Ұлттық қордағы ақшамен толтырып келеді. Былтырдың өзінде қордан 4,5 трлн теңге сұратқан. Ал қаражат қор қаржысын жұмсауға заң бойынша тыйым салынған жобаларға бөлініп келіпті.
Четверг, 16 июня 2022, 19:33
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.