AIBAT қорытынды жаңалықтар | 16.06.2022

Бүгін Ұлытау облысында Ұлттық құрылтайдың алғашқы жиыны өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жалпы 117 танымал тұлға жиналып, еліміздің болашақ бағытын талқылады. Президенттің бастамасымен құрылған бұл ұйым отанымыздың дамуына қандай үлес қоса алады, қандай маңызды мәселелер көтерілді. Әріптесіміз Азамат Серікхан тарқатады.

Түркістан облысында 9-сынып оқушысы сәбилі болды. Кәмелет жасына жетпей босанған бойжеткен балалар үйінде тәрбиеленіп, кейін 75 жастағы әжесінің патронаттық қамқорлығына өткен. Мектеп қабырғасындағы оқушының жүкті екенінен білім ұясының басшылығы бейхабар болдық дейді. Ал шәкірттің өзі айы-күні жақындағанша сабақтан қалмапты. Облыстағы білім бөліміндегілер сәбидің әкесінің кім екенін айтпай отыр. Бірақ мектепке қатысы жоқ дейді. 9-сыныптан кейін мектеппен қоштасқан жас ана қазір Шымкенттегі аналар үйін паналап жүр.

Әйелдердің зейнетке шығу жасы расымен де қысқаруы мүмкін. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәселені шешу үшін ведомства қазір арнайы ұсыныс дайындап жатқанын хабарлады. Министрдің сөзінше, қордағы қаржысы жеткілікті кез келген адам қазірдің өзінде зейнетке шыға алады. Ал жиналған қаражаты аздар құрметті еңбек демалысына ерте шықса, қолға алатын ақшасы да аз болуы мүмкін екенін айтты.

Четверг, 16 июня 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар