Қостанайда Ахмет Байтұрсынұлы тұрған үй іргетасы сүріліп тасталды

Ахмет Байтұрсынұлының кіндік қаны тамған Сарытүбектегі үйінің орны да қалмаған. Үйдің берік іргетасын мердігерлер бұзып тастап, орнына тез үгітілетін тас қалаған. Ал жергілікті билік бұзылған үйде ұлт ұстазы дүниеге келмеген деген уәж айтады.

Тұрғындар 2009 жылы үйді екі бөлмелі тарихи тұрғын жайдан қалған іргетас үстінен салған. Алайда сапасы сын көтермеген құрылысқа бей-жай қарамағандар шенділерді шақырған. Облыс әкімінің орынбасары жағдайды көзімен көріп, бюджеттен қаржы бөлінетінін, күрделі жөндеу жүргізілетінін айтқан. Енді сол сеніп тапсырған компанияның бұл әрекетіне қоғамда наразылық туып жатыр.

Жұма, 17 Маусым 2022, 19:31

Соңғы шығарылымдар