АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 17.06.2022

Нұр-Сұлтанда 34 жастағы кәсіпкер бұрынғы жұмысшыларым ақша бопсалайды деп шағымданып отыр. Жиһаз жасайтын шебердің сөзінше, қарамағында жұмыс істеген жігіттердің бірі бауырын соққыға жығып кеткен. Бұл дау туралы Еңбек инспекциясы мен полиция не дейді? Аягөз Тұрсынбай анықтауға тырысты.

Жарты миллионнан астам тұрғын немесе 1543 ауыл таза ауыз су іше алмай отыр.  Бұндай статистиканы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың өзі айтты. Президент тапсырмасы бойынша үш жылдан кейін халық 100 пайыз сапалы ауыз суға қол жеткізуі тиіс. Ол үшін бюджеттен 498 млрд теңге, оның ішінде ауылдарға 261 млрд теңге қаралған. 600 мың адам ауыз суға ғана емес, суармалы тіршілік көзі мен гидрологиялық техникаға да жарымай отыр.

Шымкентте жаңадан салынған тас жол ажал өткеліне айналды. Не бағдаршамы, не бейнекамерасы жоқ жерде айына кемі 5-6 жол апаты болады. Апаттан зәрезап болған жаяу жүргіншілер әкімдіктің шағымға құлақ аспай отырғанын айтады. Өңірдегі тілшіміз Назерке Үкібасова толығырақ тарқатады.

Жұма, 17 Маусым 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар