Қарағанды облысының Ақшоқы ауылында қырылған ірі қара саны 126 басқа жетті. Аурудан арам қырылғанның 80 пайызы – бұзау-торпақтар. Ал сараптаманың қорытынды нәтижелері «қарасан» ауруы екенін анықтады. Қазір ауру өршіген бүтін бір ауыл карантинге жабылды. Соңғы ірі-қара аурудан айыққаннан кейін он төрт күн өткенде карантин аяқталады.
Понедельник, 20 июня 2022, 19:44
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.