АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 20.06.2022

Азық-түлік бағасын арзандатуға бөлінген 100 млрд теңгені халыққа таратып беру керек. Жарты жылдан бері баға нарығын реттей алмай отырған Үкімет пен Ұлттық банкті сынға алған депутат Аманжан Жамалов қазына қаржысын елдегі 1 млн тақыр кедей адамға үлестіріп берейік дейді. Бүгін Әлихан Смайылов бастаған Үкімет мүшелері Парламенттің қос палатасы алдында есеп берді. Әріптесіміз Айя Мүтәлі толығырақ тарқатады.

Ақтөбеде үш аптаға жуық комада жатқан тоғыз жасар бала қайтыс болды. Бүлдіршін қараусыз қалған элеватордың үстінен құлап, өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. Дәрігерлердің айтуынша, ем-дом толық жүргізілгенге қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Балаларына тегін үйірме сұраған «Art Sport» жақтаушылары Нұр-Сұлтанға жиналды. Еліміздің 20 өңірінен келген 300-ге жуық адам Спорт және мәдениет министрлігі өкілдерінің қатысуымен өткен қоғамдық тыңдауда өз талаптарын ортаға салды. Шенеуніктер не дейді? «Art Sport»  қыркүйекте қайта жалғаса ма? Ата-аналар асыға күтіп жүрген тегін үйірмелер жайында әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай тарқатады.

Дүйсенбі, 20 Маусым 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар