Ресей журналисі украиналық балаларға көмектесу үшін Нобель сыйлығын $103,5 млн сатып жіберді

Ресейлік журналист Дмитрий Муратов Нобель сыйлығын рекордтық 103,5 миллион АҚШ долларына сатып жіберді. Ол украиналық босқын балаларға көмектесу үшін қомақты қаражатты UNICEF ұйымына аударатынын айтты. Аукцион Дүниежүзілік босқындар күнінде арнайы ұйымдастырылған. Ал сатып алушының кім екені белгісіз.

Дмитрий Муратов – оппозициялық «Новая газета» баспасының бас редакторы. Алтынмен апталған Нобель медалін 2021 жылы Ресей билігіне қарсы ашық пікірін білдіріп, сөз еркіндігін қорғағаны үшін алған. Украинадағы соғыс басталған соң «Новая газета» биліктен қысым көріп, қызметін тоқтатуға мәжбүр болды.

Сейсенбі, 21 Маусым 2022, 19:44

Соңғы шығарылымдар