АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 21.06.2022

Елімізде азық-түлік тағы да қымбаттап барады. Сатушылар күнделікті тұтынатын тауарлар енді ай санап емес, күн санап шарықтай түсті дейді. Сонда Үкіметтің «баға бақылауда» дегені қайда? Әріптесіміз Айя Мүтәлі бүгін елорда базарларын аралап шықты.

«Басын бәйгеге тігіп барған жазықсыз ұлдарымыз жазаламақ». Жамбылдағы жарылыс жалынын сөндіруге барған екі өрт сөндірушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеуге ілінгендер қатарында Асыл Мұхамеджанов пен Мансұр Шайкрамов бар. Осыған наразы Асылдың ата-анасы ақпарат құралдарынан араша сұрап, Президентке үндеу жолдады. Сонда оқиға орнына бұйрықпен барып, қызыл жалынға кіргендерге қатысты қылмыстық іс қозғалуына не түрткі болған? Данияр Әлімқұл анықтап көрді.

Нұр-Сұлтан маңындағы Талдыкөлдегі өртті экобелсенділер экологиялық апат деп отыр. Тілсіз жау 6 гектар аумақты жалмап қоймай, қызыл кітапқа енген құстардың балапандарын да қырып салған. Сұңқылдақ аққу, бұйра бірқазан, қоқиқаз секілді сирек кездесетін құстар ұясын қамысқа салады. Қазір балапандардың қанаты да қатаймаған еді, – дейді табиғат жанашырлары.

Сейсенбі, 21 Маусым 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар