Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш тергеу назарында. Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов журналистерге осылай деді. Алайда «Самат Әбіш бостандықта ма, қамауда ма?» деген сұраққа «білмеймін» деп жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сол кездегі төрағасы Кәрім Мәсімов пен үш орынбасары қамауға алынған еді. Оларға «билікті күштеп басып алуға талпынды», «ірі көлемде пара алды» және «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыптар тағылуда.
Среда, 22 июня 2022, 19:31
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.