Қазақстанда қант бағасы жыл басынан бері 61% қымбаттаған

Қанттың бағасы жыл басынан бері 61% қымбаттаған. Бүгін Мәжіліс депутаттары халық арасында дүрбелең туғызған қант мәселесіне қатысты Үкіметке сауал жолдады. Қазақстан тәтті көп жейтін елдер қатарында. 1 айда бір адам 1,5 келі қант жейді екен. Өңірлер бойынша Алматы мен Түркістан облыстарының тұрғындары қантты көбірек, ал ШҚО, Атырау облысы мен Шымкент қаласының халқы аздау тұтынады екен.

Сәрсенбі, 22 Маусым 2022, 19:32

Соңғы шығарылымдар