Қазақстанда сенімхатты онлайн рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды

Енді сенімхатты үйде отырып-ақ рәсімдей аласыз. Ол үшін нотариуспен видео байланысқа шығу мүмкіндігі және электронды цифрлық қолтаңба қажет. Болашақта тұрғын үй сатып алу кезіндегі барлық келісімшарт нотариус арқылы рәсімделуі мүмкін. Заңды тұлғаларды да ресми тіркеу, қайта тіркеу жұмыстарымен нотарус айналысуы мүмкін. Бұл туралы нотариат құзыретін арттыру, оның құқығын кеңейту мәселелері кеңінен қозғалған жиында айтылды.

Сәрсенбі, 22 Маусым 2022, 19:35

Соңғы шығарылымдар