Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш тергеу назарында. Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов журналистерге осылай деді. Алайда «Самат Әбіш бостандықта ма, қамауда ма?» деген сұраққа «білмеймін» деп жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сол кездегі төрағасы Кәрім Мәсімов пен үш орынбасары қамауға алынған еді. Оларға «билікті күштеп басып алуға талпынды», «ірі көлемде пара алды» және «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыптар тағылуда.
Нұр-Сұлтан маңындағы Талдыкөлдегі өрт толық сөндірлді. Осы уақыт аралығында тілсіз жау 6 гектар аумақты жалмап үлгерген. Экобелсенділер өрт кесірінен бірқатар құстардың балапаны жанып кетті деген еді. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі өрттің неден шыққанын айтты.
«Ауру балаларымыздың асын қызғанды». Осылай деген жамбылдық ата-аналар облыс әкімдігінің алдында шу шығарды. Айтуларынша, сирек кездесетін созылмалы целиакия диагнозымен ауыратын балаларына тағамды тегін беруді тоқтатып тастаған. Арнайы ұнтақ асқазан-ішек жолдары істемейтін балаларға 2 жылдан бері берілмей келеді. Олар тағамды тендерді ұтқан компаниялар жарты жолдан жеп қойды деп санайды. Данияр Әлімқұл толықтырады.
Среда, 22 июня 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.