Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақ-қытай шекарасы бекеттерінде билікті асыра пайдалану фактілері бойынша тергеу бастады. Тергеу аясында ҰҚК шекара қызметінің бұрынғы директоры генерал-лейтенант Дархан Ділманов ұсталды. Сонымен қатар, шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Нұрман Арысбаев және тағы бірнеше адам қолға түскен. Күдікке ілінгендердің бәрі уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Четверг, 23 июня 2022, 19:36
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.