Қазақстан шет мемлекеттерден 100 мың тонна қант сұрады

Қазақстан басқа мемлекеттерден 100 мың тонна қант сұрап отыр. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Қазақстанда қазір 350 мың тонна қант бар. Бұл жыл соңына дейін жетуі керек. Үкімет тапшылықты болдырмау үшін тағы 100 мың тонна қажет дейді. Қазір құмшекерді Бразилия, Үндістан және Вьетнам елдерінен жеткізіп отыр. Алайда ең ірі серіктесі саналатын Үндістан мемлекеті де қант экспортына шектеу қойыпты. Сондықтан бұл елмен келіссөз жалғасуда. Бақыт Сұлтанов қант саудасына Ресей шектеу қойғаннан кейін аяқ асты шет мемлекеттермен мәміле жасауға мәжбүр болғанын айтады. Алайда министр дүкендердегі дүрбелеңге қарамастан, елде қант тапшы емес дейді.

Бейсенбі, 23 Маусым 2022, 19:38

Соңғы шығарылымдар