«Бәйтерек» Ұлттық холдингі «Сбербанк Қазақстанды» сатып алуы мүмкін

«Бәйтерек» Ұлттық холдингі «Сбербанк Қазақстанды» сатып алмақшы. Тараптар қазір келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді. «Сбербанк Қазақстан» бұрын «Сбербанк Россияға» қараған. «Ресейге салынған санкциялық шектеулерге байланысты сатылмақшы»,- деді Әбілқасымова. Айтып өтейік, мемлекетке тиесілі «Бәйтерек» холдингіне Отбасы банкі, Қазагроқаржы секілді 8 ұйым кіреді.

Бейсенбі, 23 Маусым 2022, 19:38

Соңғы шығарылымдар