Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақ-қытай шекарасы бекеттерінде билікті асыра пайдалану фактілері бойынша тергеу бастады. Тергеу аясында ҰҚК шекара қызметінің бұрынғы директоры генерал-лейтенант Дархан Ділманов ұсталды. Сонымен қатар, шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Нұрман Арысбаев және тағы бірнеше адам қолға түскен. Күдікке ілінгендердің бәрі уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Экс-премьер Асқар Мамин мен бірқатар министрлер Біртанов ісінде куәгер ретінде сотқа шақырылмақ. Бүгін кезекті сот отырысында бұрынғы денсаулық сақтау министрі сотқа осындай сұрау салды. Айыпталушылар сотқа неліктен қарсылық білдірді? Толығырақ әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай баяндайды.
Жаңадан құрылған Абай облысы қай бағытта дамиды? Өңір әкімі Нұрлан Ұранхаев тоз-тозы шыққан Семей мен іргелес аудандардың экономикасын көтеру үшін не істемек? Шенеунік, ең әуелі, өңірге инвестиция тарту жағын қарастырып жатыр екен. Бұған қоса ауылшаруашылығын, соның ішінде мал шаруашылығын дамытуды да көздейді. Айтуынша, бұрын Семей аграрлық өлке болған.
Четверг, 23 июня 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.