Бортта 10 адам болған: Ресейде әскери ұшақ апатқа ұшырады 

Ресейде әскери ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам мерт болды. Тағы бесеуі жараланып, ауруханаға жеткізілген. Апат Рязань қаласында болған.

Бортында 10 адам болған Ил-76 әскери ұшағы Орынбордан Белгородқа ұшып бара жатқан. Рязаньда жанармай құю үшін тоқтауы тиіс еді. Алайда аспанда өртке оранған әуе кемесі тұрғын үйлер маңындағы алқапқа құлап, жанып кеткен. Салдарынан үйлерде электр жарығы сөнді. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жұма, 24 Маусым 2022, 19:42

Соңғы шығарылымдар