Сауд Арабиясы қажылыққа келушілерге қатаң талаптар қойды

Сауд Арабиясы қажылыққа келетін азаматтарға ковидке қарсы ПТР-тест тапсыруды міндеттемек.  Бұған қоса, төрткүл дүниенің төрт бұрышынан жиналатын мұсылмандар вакцина алған болуы керек.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дерегінше, биыл Мекке мен Мәдинаға 4 мыңға жуық азамат аттанады. Сауд Арабиясына ел тұрғындары Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және  Ақтаудан ұшады. Оларды құрамында 17 дәрігері бар 14 отандық туристік фирма апарады. Құлшылық етушілердің 72 сағат бұрын ПТР-тест тапсыруы және вакцина алған болуы міндетті. Биылғы қажылықтың бір ерекшелігі, жасы алпыс бестен асқан азаматтарға баруға тыйым салынған. Қажылық сапарға жолдама да несиеге сатып алынбауы тиіс.

Жұма, 24 Маусым 2022, 19:45

Соңғы шығарылымдар