10 маусым күні «АрселорМиттал Теміртау» комбинатында 4 адам қайтыс болған апатқа жұмыс беруші тарап 100 пайыз кінәлі. Қайғылы оқиғаның себебін тексерген мемлекеттік комиссия мүшелері бүгін осылай деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, қауіпті жұмыстарға рұқсат беретін арнайы техникалық паспорт мүлдем болмаған. Сорақысы сол, аталған компанияның тағы 21 нысаны қауіпті жағдайда жұмысын жалғастырып жатыр. Шет елдік инвесторға тиесілі металлургиялық комбинатта тағы қандай заң бұзушылықтар бар. Өңірдегі тілшіміз анықтап көрді.
Пятница, 24 июня 2022, 19:38
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.