АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 24.06.2022

Шығыс Қазақстан облысында екі альпинист көз жұмды. Оқиға Көккөл көлінің маңындағы Белуха тауында туристік жолды нығайту жұмыстары кезінде болған. Тауға жалпы төрт азамат шыққан.

Бір сәтте қар көшіп, 1988 және 1992 жылғы екі азамат құрсауынан шыға алмай қалған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жарақат алған өзге альпинисттерге медициналық көмек көрсеткен. 3000 метр биіктікке көтерілу үшін МИ-8 тікұшағы қолданылған.

Жамбылда сел жүрді. Бақытына орай адам шығыны жоқ. Бірақ табиғаттың тосын мінезінен Қордай ауданы, Сұлутөр ауылында төрт түлік қырылған. Тұрғындар 170-тен аса ұсақ мал суға ағып кеткенін айтуда. Нақты қанша бас екені әзірге белгісіз. Жергілікті әкімдік есептеп жатыр.

Балаларға берген тартуын қайтып алды. Таразда әкімдікке өкпелеген кәсіпкер әткеншектерін жинап алды.  Мердігер мұны Меркі ауданы әкімдігінің ақшасын толық өтемегенімен түсіндіреді. Айтуынша, бүлдіршіндерге арналған ойын алаңы «Таразға тарту» жобасы бойынша жүзеге асырылған. Данияр Әлімқұл тақырыпты толықтырады.

Жұма, 24 Маусым 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар