Түркістан облысында 2 шетел азаматы суға батып кетті: денесі әлі табылған жоқ

Түркістан облысында суға батып кеткен үндістандық қос студенттің денесі әлі табылған жоқ. Ақсу шатқалындағы өзенге барған олардың мәйіті кешеден бері іздестірілуде.

21 жастағы екі жігіт Шымкенттегі медицина академиясының 1- курс студенттері екен. Шатқалға 21 адам болып барған. Қазақстанға Үндістаннан келіп оқып жатқан азаматтар туралы оқу ордасы қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Дүйсенбі, 27 Маусым 2022, 19:50

Соңғы шығарылымдар