Колумбияда коррида кезінде трибуна құлап, 4 адам мерт болды

Колумбияда дәстүрлі коррида, яғни бұқамен жекпе-жек сайысында, көрермендер отырған мінбер құлап, 4 адам мерт болды. Тағы 300 шақтысы жараланған. Қайғылы жағдай Эль-Эспинал қаласындағы стадионда болды. Ағаштан жасалған 3 қабатты құрылымның бір бөлігі құлап, көрермендерді басып қалған. Салдарынан бір ер адам мен екі әйел және 1 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды.

Дүйсенбі, 27 Маусым 2022, 19:53

Соңғы шығарылымдар